Шымкентте өткен матчта алматылық клуб жігерлік танытып, жеңіске жетті.

Ойынның 35-ші минутында тоғыз ойыншымен қалған Владимир Вайсстың шәкірртері жігерлік танытты. Алғашқы тайм орта тұсында ойыншылар арасында қақтығыс орын алып, Қайрат Әшірбеков, Жарко Маркович пен Артур Едигарян алаңнан қуылды. Алайда алаң иелері ойыншы басымдығын пайдалана алған жоқ, ал «Қайрат» болса екі футболшысы алаңнан қуылса да, 72-ші минутта гол соғып, кезекті үш ұпайларын еншілеріне байлады. Гол авторы - Исаэл да Сильва.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 26-шы тур.

 «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Алматы) 0:1 (0:0)

Голы: Исаэл 72

20 қыркүйек 2014 жыл