Ойын бойы басымдыққа ие болған қостанайлық клуб Павлодардан келген қонақтарын жеңе алмады.

Аталмыш ойынға чемпионаттың үздік сұрмергені «Ертістің» шабуылшысы Константин Дудченко қатыспады. Ал кездесуде көрермендер гол тамашалай алмады. 17-минутта «Тобыл» ең қауіпті шабуылын ұйымдастырды – Томаш Шинкович алыс бұрышты көздеген болатын, алайда павлодарлықтардың қақпашысы Вячеслав Котляр орнынан табылды. Екінші таймда қостанайлықтар допқа иелік етті. Сондай-ақ, 84-минутта «Ертістің» ойыншысы Захар Коробов алаңнан қуылды. Дегенмен мұндай басымдық та алаң иелері жеңіс әкелмеді.  

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 26-шы тур.

 «Тобыл» - «Ертіс» 0:0.