Кюрасао құрамасы КОНКАКАФ Ұлттар лигасында топ көшбасшысы Коста-Рикамен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырт алаңда өткен ойынға «Астана» шабуылшысы Рангело Янга да қатысып, 90 минут бойы ойнады.

Кюрасаолықтар тең нәтиженің арқасында топ бастап тұр. Айта кетелік, бұл топта Коста-Рикадан бөлек Гаити құрамасы да бар.

Кюрасао 3 ойын, 5 ұпай

Коста-Рика 2 ойын, 2 ұпай

Гаити 3 ойын, 2 ұпай.