Жеңіл салмақтағы UFC тұжырымының әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sportbible порталының жазуы бойынша Хабиб пен Фергюсон 2020 жылдың сәуір айында кездесу өткізеді.

Нурмагомедов бұған дейін келесі жекпе-жегін Ресейде, оның ішінде Петерборда өткізгісі келетінін сан мәрте айтқан болатын.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, ресейлік спортшының қарсыласы белгісіз, алайда UFC басшысы Дана Уайт америкалық Тони Фергюсонның Хабибке қарсылас атануы мүмкін екенін тұспалдап жүргені белгілі.