Кеше Армения құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн командасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Армения сапында қызылордалық «Қайсардың» ойыншысы Тигран Барсегян мен «Ақтөбе» капитаны Маркос Пиззелли негізгі құрамда ойнады. Барсегян матчтың 19-минутында есеп ашқан. Бірақ 72-минутта Яник Фрика есепті теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Айта кетейік, армян футболшылары 7-турдан соң 10 ұпаймен үшінші орында келеді.