Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалевтің менеджері Эгис Климастің айтуынша, ресейлік боксшы мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің келісімшартында реванш туралы пункт жоқ.

«Бұл жекпе-жектің келісімшартында екі тарап та реванш туралы пункт қоймады. Ковалев жеңеді деп ойлаймын. Бұл шахмат партиясына ұқсас кездесу. Альварес жақын жекпе-жек өткізуге тырысады, ал Ковалевтің мақсаты оны джебтер арқылы жақындатпау. Кімнің джебі, корпуспен жұмысы жақсы болатынын көрерміз», - деді функционер.

Сергей Ковалев пен Сауль Альварес жекпе-жегі 3 қарашада Лас-Вегаста өтеді.