Инчхонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық синхронды жүзушілер Екатерина және Александра Немичтер қола медаль жеңіп алды.

Техникалық бағдарламада үшінші орын алған қазақстандық дуэт 167,7636 ұпай жинады.

185,1851 ұпай еншілеген қытайлық Хуан Сючень мен Сунь Вэньянь алтын медаль алса, жапониялық жұп Юкико Инуи мен Рисако Мицуи екінші орынға жайғасты – 181,5388.