«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков пен қарағандылық «Тұлпар» МФК президенті Анатолий Смотрицкий алдағы «Еременко кубогы» туралы пікірлерін айтты.

«Костя Еременко мини-футболдың түрлі мектебі қатыса алатын турнир ашуды армандаған еді, себебі спорттың бұл түрі Еуразия құрлығында жақсы дамығанын қалайтын», - деді Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков.

«Бірінші маусымды нақты бақыладым, бұл жақтың деңгейі жоғары, командалары білікті. Турнир УЕФА Кубогынан нашар емес, сондықтан Ресей мини-футболы қауымдастығының шақыртуын қуана қабыл алдық. Барлығын тағы да бақылап, келісімімді беру үшін Мәскеуге келдім. Біз бұл турнирге қатысамыз», - деді Смотрицкий.

Естеріңізге сала кетсек, екінші «Еременко кубогы» чехиялық Теплице қаласында 8-11 қараша арасында өтеді.