Армения құрамасы Еуро-2016 іріктеу турнирінің кезекті матчтарында өз сапына Қазақстан чемпионатында ойнайтын үш ойыншыны шақырды, деп хабарлайды armsport.am.

Армениялық команда 11 қазанда өз алаңында Сербия құрамасын қабылдайды, кейін 14 қазанда француздармен жолдастық кездесу өткізеді.

Аталмыш ойындарға алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Артур Едигарян, «Ақтөбенің» қорғаушысы Роберт Арзуманян мен сол клубтың жартылай қорғаушысы Маркос Пиззели шақырту алды.  

Кездесулерге дайындалу үшін Армения құрамасы 6-14 қазанда АФФ-тың техникалық орталығында жиын өткізеді.