UFC тұжырымының екі салмақ дәрежесі бойынша экс-әлем чемпионы Конор МакГрегор Дублин соты алдында жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы қала пабтарының бірінде белгісіз адамға шабуыл жасаған деп айыпталып отыр.

Айта кетелік, сот отырысы бірнеше минуттарға ған созылып, МакГрегордың адвокаттарының өтінішімен кейінге қалдырылды. Келесі сот отырысы 1 қарашаға жоспарланған.

Еске сала кетейік, тамыз айында Конордың Дублин пабтарының бірінде қарт адамға қол жұмсағаны туралы видео әлемді шарлап кеткен еді.

МакГрегорды алты айға түрмеге қамауы мүмкін.