Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Хан Чжон Ву Оңтүстік Корея жастар құрамасы (U-22) сапында Өзбекстан командасына қарсы ойнап, жеңіске септігін тигізді, деп жазады Prosports.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хан негізгі құраммен алаңға шықты. «Хвасон» стадионында өткен матчта «қайраттықтың» командасы 3:1 жеңіске жетті. Қос құрама 14 қазанда Чхонанда екінші рет кездеседі.