19 қыркүйекте Женевада 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын қабылдайтын қалалар анықталды.

УЕФА атқарушы комитетінің сайлауына байланысты аталмыш сайысты қабылдауға 13 қала мүмкіндік алды.

Жартылай финалдық екі матч пен финал Лондонда өтетін болды. Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург пен Рим топтық кезең мен ширекфиналдың үш матчын қабылдайды. Ал Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Бильбао, Будапешт, Брюссель және Глазго қалалары топтық кезеңде үш кездесу мен 1/8 финалда бір матчтан өткізеді.