Тиагу Моттаның мұрнын сындырып тастаған «Бастияның» шабуылшысы алты айға алаңнан аластатылды, деп хабарлайды «Советский Спорт».

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш оқиға Франция чемпионатының 2-ші турындағы матчтан соң орын алды. Брандао трибуна астындағы бөлмеде «ПСЖ» жартылай қорғаушысының бетінен ұрған болатын.

Сондай-ақ, «Бастияға» футболшысының осы қылығы үшін 3500 еуроға айыппұл салынды.