Семей қаласында спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлері бойынша әмбебап «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.

Салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев, ҚБФ-ң атқарушы директоры Бекжан Бектенов және басқа ресми тұлғалар мен көпшілік қауым қатысты.