Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

Жеребеге еліміздің бокс федерациясы вице-президенті Серік Қонақбаев қатысты.

Назарларыңызға жеребе нәтижесінде түскен жұптарды ұсынамыз:

49 кг: Біржан Жақыпов – Лу Бин (ҚХР);52 кг: Ілияс Сүлейменов – Жасурбек Латипов (Өзбекстан);60 кг: Берік Әбдірахманов - Дэвид Джойс (Ирландия);81 кг: Әділбек Ниязымбетов – Мэтью Байдерлик (Франция);91 келіге дейін: Антон Пинчук - Ямиль Перальта (Аргентина).

Естеріңізге сала кетсек, Aiba Pro Boxing 24 қазанда басталады.