Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы жекпе-жегінің қай жерде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Головкинге қарсы жекпе-жегім ақпан айының басында өтеді деп естідім. Жекпе-жек польшалық жанкүйерлер көп орналасқан Чикаго қаласында өтетін шығар, — деді Камил в интервью TVP Sports - деп мәлімдеді Шеремета.

Қыркүйектің IBF рейтингінде Шеремета, Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан кейін (13-2, 10 КО) үшінші орында тұрған болатын. Камил қазан айының рейтингінде көш бастап, титул үшін ресми үміткер болады деп күтілуде.

Головкин дәл осы польшалық боксшыға қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат кеше тараған болатын.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.