Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Талғар қаласы маңында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында өткізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қазақстандық боксшының өзі мәлім етті.

«Академия керемет жерде орналасқан. Айнала тау, көлік аз. Құлақ тыныш. Жекпе-жектерге дайындалуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынын осы жерде өткізсем деген ойдамын. Оны осы академия басшыларымен кездесіп шешуіміз керек», - деді Қанат Ислам.