Сыр жерінде футболдан Қазақстан Екінші Лигасының ақтық кездесулері өтті. Финалдық бәсекеде қос оңтүстіктің командасы Бірінші лига жолдамасын сарапқа салды.

Қызылордалық «Байқоңыр» клубы финалда «Шымкент» командасымен күш сынасты. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, қосымша уақытта қызылордалық футболшылар жеңісті жұлып алды.

Финалдық ойындар:

Финал:«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Шымкент» (Шымкент) 1:1, қосымша уақыт - 2:1.Голдар: Дәурен Ешбаев, 56. Асқат Қарабек, 98-пен. Азамат Исмаилов, 112 - Саян Тасыбаев, 52. Данабек Қуанышбай, 115.

3-4 орын:«Рузаевка» (СҚО) - «Каспи банк» (Алматы) 1:4Голдар: Кирилл Гаркуша, 27 - Анатолий Бердюгин, 15. Марат Мұхаметқожин, 32. Ахмет Ахметжанов, 81. Анатолий Бердюгин, 87.

5-6 орын:«Вест-Кроун» (Ақтөбе) - «Жетiсай» (Жетісай) 1:1 (5:4-пен)Голдар: Нұрбек Қарағұлов, 57 - Акмальжан Юлдашев, 27.

7-8 орын:«Қызылжар» (Петропавл) - «Водник» (Алматы) 6:1Голдар: Нұрғали Жұмажанов, 12. Сәбит Хасенов, 25. Берiк Iлиясов, 30. Сәбит Хасенов, 34. Берiк Iлиясов, 54. Рахат Тойшыбеков, 72 - Александр Соколенко, 70.

9-10 орын:«Трактор» (Павлодар) - «Шалқар» (Шымкент) 1:0Гол: Дмитрий Перевертов, 69.

11-12 орын:«Пронет» (Ақтөбе) - «Каспий» (Ақтау) 1:0Гол: Азамат Тәжиев, 72.

Турнирдiң үздiктерi:Үздiк қақпашы - Ахмет Әлайдаров («Байқоңыр» Қызылорда)Үздiк қорғаушы - Руслан Гумар («Трактор» Павлодар)Үздiк жартылай қорғаушы - Тимур Жалмұхамбетов («Рузаевка» СҚО)Үздiк шабуылшы - Саян Тасыбаев («Шымкент» Шымкент)Үздiк сұрмерген (10 гол) - Анатолий Бердюгин («Каспи банк» Алматы)Үздiк ойыншы - Асқат Қарабек («Байқоңыр» Қызылорда)