«Астана» президенттік баскетбол клубы америкалық ойыншы Айзея Уайтхедпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айзея Уайтхед 1995 жылы 8 наурызда Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) дүниеге келген. Алаңдағы қызметі - қорғаушы.

Кәсіпқой мансабында өз елінің «Бруклин Нетс», «Лонг-Айленд Нетс», «Детройт Пистонс» клубтарында және ресейлік «Локомотив-Кубань» сапында өнер көрсеткен.