Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Акмаль Бахтияров құрама қатарынан шығып қалды, деп жазады Prosports.kz .

Футбол федерациясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, ойыншының тамағы ауырып қалған. Ол енді Македония U-21 құрамасына қарсы Еуропа Чемпионатының іріктеу матчына қатыса алмайды.

Оның орнына «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов шақырылды.