Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел тенниcінен «German Open-2019» халықаралық турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат 8 қазанда басталды. Негізгі раундқа жолдама алу үшін Герасименко Даниэль Гонсалесті (Пуэрто-Рико) 4:0, Джа Канаканы (АҚШ) 4:0 есебімен және Тьяго Монтейроны (Бразилия) 4:1 есебімен жеңді.

Отандасымыздың келесі қарсыласы Еуропадағы ең мықты теннисшілердің бірі, неміс спортшысы Патрик Францис болмақ.

Турнирдің жүлде қоры $ 270,000 құрайды.

Айта кетейік, Кирилл - бұл жарысқа қатысып жатқан жалғыз казақстанлық спортшы.