Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір боксшымыз жартылай финалға өтті, деп жазады Prosports.kz.

81 келіден жоғары салмақ санатында өнер көрсететін Дина Исламбекова италиялық Флавия Северинді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Бұған дейін бүгін шаршы алаңға шыққан Милана Сафронованың (64 келі) да 1/2 финалға өткенін жазған едік.