Бразилиялық футзал клубының ойыншысы қарсыласынан соққысынан кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Коринтианс» пен «Сан-Карлос» кездесуі кезінде алаң иелерінің ойыншысы Даниэль Баталья Фернандиньомен қақтығысып қалады. Басына қарсыласының аяғы тиген Фернандиньо сол арада есінен талып қалады. Есін жиған оны дереу арада ауруханаға жеткізді.