ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар франциялық клубтағы жағдайы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Мен ұлттық құрамада да, клубта да бақыттымын. Жазда ПСЖ-дан кеткім келгенін бәрі біледі, дегенмен қазір бәрі басқаша. Маған клубтағы жағдайым ұнайды. Командамның жеңістерге жете беруі үшін барымды саламын», дейді Неймар.
Бразилиялық осы маусымда 5 матч өткізіп, төрт гол соқты.
Еске сала кетелік, Неймар 2022 жылға дейін париждік клубта ойнауы тиіс.
Комментарии