Бүгінің Алматының «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасындағы екінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қайрат» Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:45-те басталады. Ойынды «Ел Арна» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өтіп жатыр. «Қайрат» алғашқы матчында КПРФ командасынан 3:0 есебімен жеңіліс тапты.