19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Грециядан 0:8 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, біздің жас футболшылар іріктеу кезең аясында өткен үш ойында өз қақпаларына 29 гол өткізіп алды. Ал өздері қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

Еуро-2020. Әйелдер (U-19). Іріктеу кезеңі. 7-топ

Қазақстан - Греция 0:8 (0:3)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Испания (0:14) және Исландия құрамаларынан (0:7) жеңілген болатын.