Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының мүшелері Тайландта өткен Азия кубогында жеңіс тұғырынан көрінді.

Әзен Ғабиден омниум бойыша алтын жүлдегер атанса, Асылхан Тұрар осы бәсекеде күміске қол жеткізді.

Жекелей сында Игорь Юсифов топ жарды.

Мэдисон бойынша Асылхан Тұрар мен Игорь Юсифов бірінші орыннан көрінді.