Елордалық «Барыс» латвиялық қорғаушы Оскарс Бартулиспен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Хоккейшімен еңбек шарты бір жылға жасалған.

Өткен маусымды Бартулис «Барыстың» қазіргі бапкері Андрей Назаровтың қол астында донецктік «Донбасс» сапында өткізіп, 61 матчта 12 (3+9) ұпай жинады.