«Казцинк-Торпедо» осы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады – өскемендіктер өз алаңында ангарлық «Ермакты» жеңе алмады.

Бірінші кезеңнің аяғында командалар бір-бір шайбамен алмасты – есепті өскемендік Сергей Кочетков ашқанымен, араға бір минут салып Савва Селезнев таразы басын теңестірді.

Екінші жиырмаминуттықтың бірінші бөлігінде-ақ ойынның тағыдыры шешіліп тастады: Александр Архипов пен Сергей Чубыкиннің шайбаларынан кейін қонақтар екі гол айырмашылығымен алға шықты. Бұған алаң иелері Кочетковтың голымен ғана жауап берді.

Үшінші кезеңде торпедолықтар қанша тырысқанымен Дмитрий Волошиннің қақпасынан үшінші рет саңлау таба алмады. Осылайша олар чемпионатта алғаш рет жеңіліс құшты.

«Казцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Ермак» (Ангарск) 2:3 (1:1, 1:2, 0:0)1:0 – Кочетков (Васильев) – 16:241:1 – Селезнев (Рогов) – 17:311:2 – Архипов (Карамнов, Чиглинцев) – 23:411:3 – Чубыкин (Майданюк, Ильин) – 30:222:3 – Кочетков (Аргоков, Васильев) – 38:00Қақпашылар: Янков (Трифонов, 30:22 – 60:00) – Волошин