Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Изим Избаки кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісін тойлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Флинт қаласында өткен бокс кешінде 24 жастағы қазақстандық боксшы америкалық Трой Олбрингті біріші раундта-ақ сұлатып салды. Изим осымен үшінші рет жеңіске жетіп отыр және оның екеуі уақытынан бұрын аяқталған. Америкалық қатарынан үш кездесуде нокаут алды.

Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 647-ші орынға көтерілді.

Еске сала кетелік, Избаки АҚШ-та 23 тамызда алғаш рет дебютті кездесуін өткізген болатын.