Бокстан Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы 1/4 финалға өтті.

64 келіде ел намысын қорғаған Милана Сафронова ботсваналық қарсыласы Аратва Касемангты 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.