KAZsport Құрлықтық хоккей лигасының «Адмирал» мен «Барыс» арасындағы екінші матчын тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды телеарнаның ресми сайты.

Трансляция Астана уақытымен 14:30-да басталады. 

Естеріңізге сала кетсек, командалар арасындағы алғашқы матч алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталған болатын.