Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Головкинмен болған титулды жекпе-жекте өзін жеңімпаз санайды, алайда Украина жанкүйерлерінің көбі оны мойындамайды, деп жазады Prosports.kz.

«Жеңгенімді ішім сезеді. Madison Squar Garden кешеніне жиналған барша көрермендер, бүкіл әлем куә. Кеше біртүрлі нәрсе болды. Мені қолдаған барлық жандарға көп рахмет», деп жазған Сергей өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Дегенмен бірқатар әлеуметтік желілерде украиналық боксшыны сынаған пікірлер көбейді. Біреулер бокс жемқорлық жайлаған спорт десе, енді бірі Головкиннің жас кезі енді қайтып келмейді дейді. Украина жанкүйерлері арасында да қазақстандықты жақтағандары өте көп. Ал кейбірі қарымта кездсеу міндетті түрде болуы керектігін жазуда.

Еске сала кетелік, кеше, 6 қазан күні қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасқан болатын Төрешілер бірауыздан Головкинді жеңімпаз деп таныды.

Айта кетелік, жекпе-жек 12 раундқа созылды. Украиналық алғашқы раунда нокдаунға түсіп, қабағы жарылды.