DOSTYK қонақүйінде қазанда өтетін Әлем Суперкубогының баспасөз мәслихаты болды. Сонымен қатар, аталмыш турнирдің жеребесі тартылып, алматылық «Қайраттың» жаңа ойыншылары таныстырылды.

Іс-шараға «Астана» Президенттік Кәсіпқой Спорт Клубының директоры Юрий Мельниченко, «Қайрат» АФК-ның президенті Қайрат Оразбеков және Алмты қаласының туризм және спорт бөлімінің басшысы Қайырболат Хайдаров қатысты.

Шараны Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков ашты:

«Біздің шақыртуымызды қабылдағандарыңыз үшін рахмет. Әлем Суперкубогының басталуымен Қазақстанда футзал маусымы ашылады, осымен сіздерді құттықтаймын. Бұл қаламыздағы жанкүйерлер үшін үлкен мереке болмақ. Әлемнің үздік командалары қатысқан турнирде әдемі футзал көрсетуге тырысамыз.»

 

Жеребе нәтижесі бойынша жұптар төмендегідей болды:

«Чонбури» (Тайланд) — «Қайрат» (Қазақстан)

«Динамо» (Ресей) — «Интелли» (Бразилия)

 

– Қайрат Айтмолдаұлы, жаңа ғана біткен жеребе туралы ойыңызбен бөлісіңізші.

– Осы төрт команда ішіндіе клубымыз үшін оңай қарсылас жоқ. «Чонбури» - тамаша дайындалған команда, Азия чемпиондары. «Динамоға» келер болсақ, команда қосымша таныстыруды қажет етпейді – УЕФА Кубогы мен Құрлықаралық кубоктың иегері. «Интелли» сапында тек бірнеше ойыншылармен ғана таныспын. «Интелли» - «Динамо» жұбына келсек, бразилиялық уақытпен «Интелли» үшін ойын таңда басталады, ал «Динамоға» өзіне ыңғайлы кешкі уақыт. Бұл мүмкін ресейлік ұжымға басымдықты беретін шығар. Жалпы бұл тамаша турнир болмақ, нәтижесінде әлемнің үздік командасын анықтап береді. Бәріне де табыс тілейік.

 

– Қайрат Айтмолдаұлы, биыл командада жаңа ойыншылар көп. Құрам неге осынша жаңарды?

– Футбол федерациясы келесі УЕФА кубогын қашан жеңіп алатынымызды сұрайды. «Бізге, ең болмаса, үш жыл беріңіздер» деп жауап беремін.Мұндай турнирге дайындыққа дұрыс селекция керек. Бұған дейін клуб селекциясында қателіктер кетті, қорытындысында команданың нәтижесі күткеніміздей болмады. Бүгінгі «Қайрат» - тарихымыздағы ең мықтысы. Аталмыш кубок біздің шамамызды көрсетеді.

 

– «Қайрат» Еременко Кубогына қатыса ма?

– Иә, сайтымызда осындай ресми ақпарат бар. Біз осы турнирге тіркеліп қойдық. Қазіргі чемпион ретінде Константин Еременко кубогына қатысуды жоспарлап отырмыз.

– Әлем Суперкубогының алдында қандай мақсаттар бар?

– «Қайраттың» алдында ең жоғары мақсаттар тұрады. Біз осы турнирде жеңіске жетуге тырысамыз,оның үстіне, өз алаңымызда ойнап жатырмыз. «Қайрат» - әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. Бір жағынан, қарсыластарымыз да оңай емес. Олар – үздік командалар. Мысалы, жартылай финалда «Чонбуримен» кездесеміз, бұл – тамаша ұжым. Таиландтық футзал мектебі бразилиялықтардан басқаша. Сондықтан алдағы ойындарға жақсы дайындалуымыз керек. Финалда «Динамомен» кездесуіміз мүмкін, олар – Құрлықаралық кубоктың иегерлері.     

– Хайдаров мырзаға сұрақ. 2017 жылғы қысқы Универсиада Алматыда өтеді. Қазір футзалдан Әлем Суперкубогы болады. Бұл Алматы қаласы үшін қаншалықты маңызды? Универсиадаға дайындық қалай өтіп жатыр?

– Ең алдымен, сұрағыңыз үшін рахмет. Универсиадаға дайындық бір қалыппен өтіп жатыр. 2012 жылы премьер-министр бастаған арнайы комитет құрылды. Бүгінде Алматы қаласының қаржыландыруымен аталмыш сайысқа дайындық өтіп жатыр. Жаңа нысандардың құрылысы басталды – бұл Кульджинский мен Талғар қиылысындағы мұз айдыны. Құрылыс жоспар бойынша өтуде. Бұл турнирге келер болсақ, Олимпиаданың халықаралық комитеті қаламызда өтіп жатқан сайыстарды нақты бақылап отырады. 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізу ұсыныс жібердік. Сондықтан бұл турнир біз үшін пайдалы. Кубокта спортшыларымызға сәттілік тілеймін.

– Юрий Мельниченкоға сұрақ. «Астана» ПКСК «Қайратпен» келісім-шартты ұзартты ма?

– Былтырғы «Қайратпен» жасаған келісім-шартымыздың уақыттық шектеуі жоқ. Екі жобаның дамуы үшін көп іс жасалуда, сондықтан біздің қатынасамыз қатайып келеді.

– Турнирдің жүлдеқоры қанша?

Қайрат Оразбеков: - Нақты санын айта алмаймыз.