Бүгін, 6 қазанда Қазақстан премьер-лигасы 29-турының орталық матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» «Астананы» қабылдайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-де басталады.

Айта кетелік, ҚПЛ турнирлік кестесінде қос команда көрші тұр. Елордалықтар 27 ойында 56 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасса, шымкенттік клуб бір матч артық ойнап, 52 ұпаймен 4-орында тұр.