«Барыс» клубының бұрынғы хоккейшісі Самвел Мнацян ауыр дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бір жыл бұрын Мнацяннан омыртқа ісігі табылған болатын. Жарты жыл спортшы немістің Фрайбургінде ем алды. Алайда ауыр дертті жеңе алмаған ол 29 жасында көз жұмды.

Мнацян «Нефтехимик»,«Адмирал», «Сибирь» клцбтарында өнер көрсеткен.

Самвел ҚХЛ плей-офф ойындары мен тұрақты чемпионатта барлығы 183 матч ойнап, 13 ұпай жинады (4 гол және 9 нәтижелі пас).