«ПСЖ-ның» шабуылшысы Златан Ибрагимович амстердамдық «Аякстің» стадионында болған баннер туралы ойымен бөлісті.

Аталмыш баннерде «Қайта оралуыңмен, Құдай ұлы» деп жазылған.

«Әрине, бұл мен үшін жасалды. Мен үшін қайта оралып, осында ойнау ерекше жағдай, бүгін тамаша кеш болды. Алайда «ПСЖ-ға» бұл жақтағы тең есепті ұтымып, енді «Барселонадан» ұпай алуға тырысу қажет», - деді Ибрагимович.

Естеріңізге сала кетсек, швециялық шабуылшы «Аякс» сапында 2001-2004 жылдар арасында өнер көрсеткен болатын.