Футзалдан Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия командасын екінші жолдастық кездесуінде де жеңді.

Бірінші тайм Лео соққан голдың арқасында қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда Алексей Лопатюк алаң иелерінің қақпасына екінші голды соқты, алайда грузиялықтар мойынсынбай, Георгий Тикуришвилидің дублімен таразы басын теңестіріп тастады.

Алайда соңғы сөзді қазақстандықтар айтты – команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов қонақтарға жеңіс әкелді.

 

Грузия – Қазақстан 2:3 (0:1)

Голы: 0:1 – Лео (2), 0:2 – Лопатюк (27), 1:2 – Тикуришвили (33), 2:2 – Тикуришвили (36), 2:3 – Сүлейменов (40).