Қазақстан Премьер лигасының 29-шы туры аясында «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Алматының орталық стадионында өткен ойын 6:0 есебімен аяқталды.

Алматылық команданың бапкері соңғы турларда өз жемісін беріп жүрген тактикасы бойынша екі шабуылшымен ойнады. Ал «Ақтөбе» маусым бойы жас қазақстандық ойыншыларға сенім артып жүргенін жақсы білеміз.

Бір аяғы Бірінші лигада тұрған ақтөбелік команда чемпиондық атақ үшін күресіп жатқан «Қайратқа» қарсы тұра алмады. Алматылықтар ойын басталған бетте қонақтарға тегеурін таныта білді. Ағашқы он минут болмай қос гол соғып тастады. Бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Ал екінші таймда алаң иелері қарқынға қарқын қосты. Қатарынан төрт гол соғып, ойында аса ірі есеп тіркеді.

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 6:0 (2:0)

Гол соққандар: Конрад Вржещиньский 4, Мартон Эппель 6, 69, Гафуржан Суюмбаев 53, Адеринсола Эсеола 58, Бауыржан Исламхан 60 (пенальти)

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ), Радэ Дугалич, Сергей Политевич, Дино Миканович, Конрад Врзещиньский, Адеринсола Хабиб Эсеола, Мартон Эппель, Ғафуржан Сүйімбаев, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (к).«Ақтөбе»: Рамиль Нурмухаметов (қ), Рустам Темірхан, Әділхан Таңжарықов, Бағдат Қайыров, Ардақ Сәулет, Әлішер Әжімов, Виталий Волков, Александр Кицак, Есен Жасанов, Маркос Пиззелли (к), Асланбек Кәкімов