Таразда тас жолдағы велоспорттан Қазақстан біріншілігі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Көпкүндік веложарыстың алғашқы күнінде топтық кезең аясындағы жарыс өтті.

Бұл кезеңде Евгений Федоров үздік шықты. Ол 103 шақырымды 2:14:19 уақытта еңсерді. Артур Федосеев екінші орын алса, Глеб Бруссенский үздік үштікті түйіндеді.