Қазақстан құрамасы «әлсіздер» санатына қосылды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

2015 жылғы Дэвис кубогындағы әлемдік топтың жеребесі 18 қыркүйекте Дубайда өтеді.

«Әлсіздер» арасындағы командамызға қарсылас болуы мүмкін құрамалар – Аустралия, Бельгия, Бразилия,  Хорватия, Германия, Ұлыбритания және Жапония.

«Әлділер» санатында Қазақстан құрамасының кезедсуі мүмкін командалар – Франция, Швейцария, Канада, Чехия,  Сербия, Аргентина, Италия және АҚШ.

Естеріңізге сала кетсек, Дэвис кубогының алғашқы раунды 2015 жылы 6-8 наурызда болады.