Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 29-шы туры аясында үш ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Тобыл» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» павлодарлық «Ертіспен» жолығады. Матчтар Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Турнирлік кестеде көш бастап келе жатқан «Қайрат» ҚПЛ аутсайдері «Ақтөбемен» кездеседі. Ойын астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.

Назарларыңызға ҚПЛ 29-шы тур ойындарының тікелей трансляциясын ұсынамыз.