Мюнхендік «Бавария» клубының ойыншысы Арьен Роббен өткен жылғы сәтсіздікті ұмытып, осы маусымда қалай болғанда да Чемпиондар Лигасының Кубогының жеңіп алу керектігін айтты.

«Бавария» қалай болғанда да осы жылы Чемпиондар Лигасының финалына шығуы қажет. Әлемдегі ең мықты  ойыншылардан жасақталған мұндай клуб алдына тек қана үлкен мақсаттар қоя білуі керек, алайда сақтық шараларын да ұмыстпаған жөн.

Ақтық кездесу Берлинде өтетіні де бізге бір серпін беретіндей. Бұл жерде «Бавария» Германия төрт Кубогының үшеуін жеңіп алған болатын» - деді Роббен.

Айта кетейік, мөнхендик клуб Еурокубоктағы алғашқы кездесуін англиялық «Манчестер Ситиге» қарсы өткізеді.