Талдықорғандық «Жетісу» клубының спорттық директоры «ПРOСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында команда ойыншыларының жаттығу қатыспағанын жоққа шығарды.

«Бұл туралы тек газеттерде жазады. Сіздер алып қашпа әңгімелерді іліп әкететін сайттарды оқымаңыздар. Президентке тіклей шығып сұрасаңыздар, ол ештеңе болмағанын айтар еді. Мұндай сөздер қайдан шығатынын білмеймін», - деді Никулин.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің спорттық сайттарында «Жетісу» футбошыларының жаттығуға шығудан бас тартқаны туралы ақпарат шыққан еді.