Қазақстанның кәсіби футбол лигасы қыркүйек айының ең үздік ойыншысы мен ең үздік бапкерін анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Сауалнама нәтижесінде, «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов қыркүйек айының үздік ойыншысы атанды. Айта кетерлігі, хорватиялық ойыншы бұл атақты биыл үшінші мәрте алып отыр. Ол бұған дейін наурыз және тамыз айының үздігі атанған.

Ал үздік бапкер атағын «Қайратты» баптап жүрген маман Алексей Шпилевский иеленді.