16 қыркүйек күні тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды футбол федерациясның ресми сайты.

Ел біріншілігінің 25-ші туры аясындағы кездесуде «Ақтөбе» клубы екінші таймды басталуын кешіктіргені үшін 600 000 теңге айыппұл төлейді. Ал «Шахтердің» бас бапкері Владимир Кумыков қазылар алқасын балағаттағаны үшін 300 000 теңге көлемінде жазаланды. Ал қарағандылық клуб ойыншыларының тәртіпсіз ойыны үшін, 6 бірдей сары қағаз, 225 000 теңге төлеуге міндеттелді. размере 300 000 тенге.

«Ертіс» - «Спартак» кездесуінде жанкүйерлердің стадионда пиротехникалық зат қолданғандары үшін керекулік клубқа 200 000 теңге айыппұл салынды.