Мексика тарихындағы үздік боксшы Хулио Сезар Чавес Мексикадағы Тихуана қаласында 22-ші қараша күні жекпе-жек өткізеді.

57 жастағы Хулионың қарсыласы 40 жастағы Хорхе Арсе болмақ. Жекпе-жектен жиналған қаржы ауыр дертке шалдыққан Кристиан Кастильоның еміне жұмсалады. Ол - бұрынғы әлем чемпионы атақты Хосе Луис Кастильоның ұлы.

2005 жылы мансабын аяқтаған Хулио бірнеше категорияларда әлем чемпионы болған.