Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы тур ойындары бастау алды. Бірінші күнде өткен матчтардың басым бөлігі алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Дәлірек айтқанда, алты кездесуде қожайындар үш ұпайды қоржынына салды. Сырт алаңда жеңіске жеткен жалғыз «Зенит» болды. Ресейлік клуб Лиссабонда «Бенфиканы» 2:0 есебімен жеңді.

 

 

Түндегі сегіз матчтан жеңімпазы анықталмаған жалғыз кездесу Стамбулда өтті. «Галатарасай» өз алаңында «Андерлехттен» айласын асыра алмады.

 

Бұл күн ливерпульдік жанкүйерлер үшін де ерекше болды. Араға бірнеше жыл үзіліс салып «Ливерпуль» Чемпиондар лигасына қайта оралды және оны драмаға толы жеңіспен атап өтті – 2:1.

2004 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі «Монако» қайта жандану барысында аталмыш додаға қайтып келді. «Ливерпуль» секілді бұл клуб та «Байерге» қарсы кездесуде жанкүйерлеріне жеңіс сыйлай алды.

Италия чемпионы «Ювентус» өз алаңында лиганың дебютанттары швейциялық «Мальмеге» мүмкіндік қалдырмады – 2:0.

Алғашқы күндегі жалғыз ірі есеп Мадридте тіркелді – Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы швейцариялық «Базельді» 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Ал сенсация грекиялық Пирей қаласында орын алды. «Олимпиакос» өз алаңында былтырғы маусымның финалисі «Атлетико Мадридті» тізе бүктірді.

Алғашқы күннің орталық матчы Германияда, Дортмундта өтті – «Боруссия» ағылшынның «Арсеналын» 2:0 есебімен жеңді.