«Бавария» Коутиньоның сатып алу құқығын иемденбек, ол биылғы маусымда «Барселонадан» жалға алынған болатын, деп жазады Prosports.kz.

Sport.es сайтына сенсек, неміс клубы 27 жастағы бразилиялықтың ойынына разы көрінеді және жалға алу келісімінде жазылғандай 120 миллион еуроға сатып алмақ.

Еске сала кетелік, Коутиньо «Баварияда» 2019/20 маусымының соңына дейін ойнайды.

Коутиньо мюнхендіктер сапында 7 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас беріп үлгерген.