Еуропа лигасы топтық кезеңінің өз алаңында өткізетін алғашқы матчында «Астана» сербиялық «Партизанды» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 20.50-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Тікелей трансляцияны мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетейік, «Астана» командасы Еуропа лигасының L тобында соңғы орында тұр. Елордалықтарды жеңген «Манчестер Юнайтед» 3 ұпаймен топ бастап тұрса, 1 ұпайы бар «АЗ Алкмаар» мен «Партизан» 2 және 3 орындарға жайғасқан.